Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығының жетекшісі Камилия Исмаилова «Самавыр янында» атты кезекті жиындарында бас қосып,  «Халкыбызның күңел бизәкләре» мәселесін талқылады. Бұнда татар орталығының өкілдері мен қариялар жиналды.  

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

- Біздің татар ұлтының қолөнерге бай екендігі белгілі,-деді Қамилия Рашитқызы,-бұл шарамыздың басты мақсаты татар халқының салт-дәстүріне орай ерекшеліктерді сақтап, дамыту болып табылды. Біз бұдан бұрын «Әбиемнең​ ​ теләкләре, нәсихәтләре» деп желтоқсан айында, ал қаңтарда «Татар халык ашлары бик тәмле һәм файдалы» деген шараларымызды да өткізгенбіз.

Камилия Рашитқызының айтуынша, татар халқының бүгінгі бас қосуында ұлттық киімдерінің түрлерінен, қолөнерінен көрме ұйымдастырылып отыр. Осыған орай татарлар өздерінің көрмелеріндегі бұйымдарды әжелерінің сандықтарынан сары майдай сақтап, бүгінге жеткізіп отырғандықтарын айтты. Жасалу тәсілдерімен жастарды таныстырды.

Айта кету керек, бұл жолы Татар орталығына Бүкілодақтық Татар конгрессінің атқарушы орталығының  төрағасы Р. Закиров және Қазақстан Республикасындағы Татарсынның өкілетті елшісі Д. Валеевтар да арнайы келіп қатысты. Олар Татар қоғамдық орталығының жұмысымен танысып, «Ақ қалфақ» ханымдар клубының мүшелері жасаған ұлттық үлгідегі сыйлықтарына ие болды. Жиын соңында Семей татарлары осындай бас қосуларды жиі ұйымдастырып тұрсақ деген өтініштерін айтты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,                           

«Егемен ҚАЗАҚСТАН»

СЕМЕЙ